Қазақстан, Өзбекстан және Пәкістан кеден қызметтерінің ынтымақтастығы заңмен бекітілді

05.11.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қазақстан, Өзбекстан және Пәкістанның кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастық заң жүзінде бекітілді. Тиісті заңдарға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп жазылған хабарламада.

Келісім мемлекеттік органдар арасында жедел ақпарат алмасуды, қауіп-қатерлердің алдын алу және жолын кесу шараларын келісуді, сондай-ақ құзырлы органдардың іс-қимылын үйлестіруді көздейді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью