Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтитын жаңа мәдени-танымдық туристік маршруты іске қосылды.
Жоба тарихында алғаш рет бағыт Тәжікстан астанасы — Душанбе қаласына дейін кеңейтілді.
2026 жылғы 20 наурыз күні Алматы-2 теміржол вокзалынан "Jibek joly" туристік пойызы жолға аттанады.
Ұлы Жібек жолының тарихи қалалары арқылы өтетін бұл бағыт Алматыдан басталып, Түркістан, Самарқан, Душанбе және Ташкентті қамти отырып, Орталық Азияның рухани және заманауи орталықтарын байланыстырады.
Туристік пакеттің бағасына туристік пойызбен қатынау, кәсіби гидтердің қатысуымен әзірленген экскурсиялық бағдарлама, кіріс билеттері, сондай-ақ трансфер қызметтері қамтылған.
"Сапар барысында қатысушылар Орталық Азия халықтарының мерекелік дәстүрлері, ұлттық салт-санасы, музыкасы мен әдет-ғұрыптарымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болады", - жеп жазды ҚТЖ.
"Jibek Joly" туристік пойызының іске қосылуы теміржол туризмін дамытудағы маңызды кезең болып, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасындағы мәдени ықпалдастықты күшейтуге, сондай-ақ өңірдің бай тарихи мұрасын кеңінен дәріптеуге серпін бермек.