Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 14 мая – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы — "ҚазМұнайГаз-Аэро" жауапукершілігі шектеулі серіктестігі мен Өзбекстанның Uzbekistan Airways ұлттық авиакомпаниясы келісімшарт жасасты.
Шарт бойынша Қазақстан Өзбекстанның әуе кемелеріне жанармай құяды.
"Бұл ынтымақтастық халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес Қазақстан әуежайларында авиатасымалдаушы компанияның тұрақты рейстерін авиаотынмен қамтамасыз етуді көздейді", - деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".
Бұл шаралар Қазақстандағы көлік-логистиканың әлеуетін дамытып, отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондай-ақ Қазақстанға шетел авиакомпанияларын тарту үшін қолайлы жағдай жасау үшін қарастырылып отыр.
Айта кетейік, Uzbekistan Airways Ташкентті Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың ірі қалаларымен байланыстыра отырып, тұрақты жолаушы рейстерін орындайды.