Қазақстан өзге ел азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауға дайын ҚР СІМ

04.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұндай өтініштер түспеген.

– Азаматтар ең алдымен өздерінің дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінеді. Алайда өтініш жасалған жағдайда және рейстерде бос орындар болса, біз көршілес мемлекеттердің азаматтарына көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Е.Жетібаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің айтуынша, бүгінгі күнге дейін шиеленіс аймақтарынан 946 азамат аман-есен шығарылды. Жақында Оман астанасы Маскат қаласынан Алматыға 314 қазақстандық мінген рейс ұшып келеді.

Бүгінгі таңда Иранда 47 қазақстандық, Израильде 163, Қатарда 3 мыңнан астам, Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 мыңнан астам, Сауд Арабиясы корольдігінде шамамен 1800 ҚР азаматтары бар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью