Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Парламент депутаттары бірқатар конституциялық заң жобаларын қарайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды. Атап айтқанда, депутаттар Президент туралы және Құрылтай туралы, сондай-ақ оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заң жобаларын қарауды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Парламент депутаттары бірқатар конституциялық заң жобаларын қарайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды. Атап айтқанда, депутаттар Президент туралы және Құрылтай туралы, сондай-ақ оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заң жобаларын қарауды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мән-жайыМәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның сөзінше, Президент туралы заң жобасы республикалық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес әзірленген. Заң жобасы заңнамалық бастама тәртібімен Президенттің арнайы Жолдауы арқылы Мәжілістің қарауына енгізілді.
"Конституциялық заң жобасы Президент пен вице-президенттің құқықтық жағдайын айқындайды. Заң жобасы сегіз тараудан және 43 баптан тұрады", - деді Имашева.
Конституциялық заң жобасын Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында қарау үшін әр палата арнайы комиссияға өз өкілдерін сайлауы қажет.
Құрылтай туралы заң жобасы"Осыған байланысты аталған заң жобасы бойынша Мәжілістен бірлескен комиссия құрамына депутаттар Әшімжанов, Ерубаев, Казанцев және Шапақтың кандидатураларын ұсынамыз. Сондай-ақ депутат Әшімжановты Мәжіліс тарапынан осы заң жобасы бойынша қосымша баяндамашы етіп тағайындауды ұсынамыз. Баяндалғанды ескере отырып, аталған заң жобасын жұмысқа қабылдауды және аталған депутаттарды бірлескен комиссия құрамына сайлауды ұсынамыз", - деп толықтырды депутат Имашева.
Сонымен қатар Құрылтай (Қазақстанның болашақ бірпалаталы Парламенті - ред. еск.) және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заң жобасы қарауға қабылданды.
"Заң жобасы Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметін құқықтық реттеуге, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған. Заң жобасы 12 тарау және 60 баптан тұрады", - деді Снежанна Имашева.
Мәжілістен бірлескен комиссия құрамына депутаттар Балабиев, Бапи, Бәшімов, Пономарев сайланды.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
Бүгін 08:10 1
Естеріңізге сала кетейік, шілдеде республикалық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енеді. Тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу