Қазақстан парламентіне 30 жыл коллекциялық монеталары сатыла бастайды

08.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ұлттық банк "Қазақстан парламентіне 30 жыл" коллекциялық монеталары жақында сатыла бастайтынын хабарлады.

Күміс монета "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады. Оны дайындау барысында алтын жалату технологиясы қолданылған.

"Монета массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 (бір мың) дана", - деп жазылған хабарламада.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. Ол 2026 жылдың 10 шілдесінде Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатыла бастайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью