Қазақстан паспортының рейтингі жоғарылады

14.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Henley & Partners жариялаған Henley Passport Index рейтингі жаңартылған деректеріне сәйкес, қазақстандықтар 78 елге визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен бара алады

Henley & Partners-тың қаңтар айындағы рейтингінде Қазақстан 61-орынға жайғасқан.

Жаңа рейтингінің алғашқы үштігінде Сингапур көш бастап тұр. Одан кейін Жапония мен Оңтүстік Корея орналасқан. Ал рейтингінің ең соңғы сатысына Ауғанстан жайғасқан. Бұл елдің азаматтары әлемнің 24 мемлекетіне визасыз кіре алады.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан ең жоғары позицияға ие. Аймақтағы басқа елдердің рейтингі мынадай: Өзбекстан мен Қырғызстан – 73-орын, Тәжікстан – 79-орын, Түрікменстан – 87-орын.

Henley Passport Index – әлемдегі ең беделді паспорт рейтингтерінің бірі. Ол Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) деректеріне сүйене отырып жасалады және ел азаматтарының визасыз сапар мүмкіндіктерін бағалайды.

Айта кетейік, былтыр миграциялық қызмет комитеті 1 миллионнан аса азаматқа ҚР паспортын табыстаған еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью