Қазақстан Перу Республикасымен қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын ратифиякациялады

02.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Сенат Қазақстан мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру және қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын ратифиякациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұдан бөлек, сенаторлар екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беру туралы шартты да қарады. Мұндай шараларға қамаудағы адамдарды уақытша беру, тінту, қылмыстан түскен табыстарды тәркілеу, банктегі шоттарды анықтау, сараптама жүргізу және тағы басқа әрекеттер кіреді. Ал елдің ұлттық заңнамасына қайшы мәселелер болса, құқықтық көмектен бас тартуға болады.

Қазақстан мен Перу арасындағы сотталған адамдарды беру шартына сәйкес, сотталған адам тағайындалған жазаны өз елінде өтей алады.

Ал қылмыскерлерді ұстап беруге қатысты шартта іздеуде жүрген адамды ұстап беру шаралары қарастырылған. Оған сәйкес, тараптардың заңнамасына сәйкес кемінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе бұдан да ауыр жаза қарастырылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасалса, ұстап беру шарасы қолданылады.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Перуда сотталған немесе ұсталған қазақстандықтар жоқ.

Айта кетері, сенат үш шартты да бірауыздан мақұлдады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью