Қазақстан Премьер лигасы: Қайрат ірі есеппен жеңіп, Оқжетпес Ордабасыдан басым түсті

06.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан Премьер-лигасында кезекті турдың төрт матчы аяқталды. «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Атырау» және «Қайрат» командалары үш ұпайдан еншіледі.

Көкшетауда «Оқжетпес» «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңді. 14-минутта Берн Йонсен шымкенттік команданы алға шығарды. Екінші таймда Нұрғайни Бөрібаев есепті теңестірсе, 82-минутта Леонарду де Ассунсау алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды соқты.

«Ақтөбе» өз алаңында елордалық «Жеңісті» 1:0 есебімен ұтты. Матчтағы жалғыз голдың авторы – Артур Шушеначев.

Петропавлда «Атырау» «Қызылжардан» 1:0 есебімен басым түсті. Кездесу тағдырын шешкен гол ойынның 87-минутында соғылды. Риливан Ойиндамола Рабиу атыраулықтарға үш ұпай әкелді.

Ал «Қайрат» Ақтауда «Каспийді» 3:0 есебімен жеңді. Алматы командасы сапынан Олжас Байбек 4-минутта есеп ашты. 41-минутта Эдмилсон есепті еселесе, 61-минутта Александр Мрынский матчтың нүктесін қойды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью