Қазақстан Президенті Қауіпсіздік Кеңесіндегі жаңа лауазым туралы жариялады

28.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа лауазым - Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес, Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтататынын айтты.

"Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын", - деді Президент.

Айта кетейік, жұма күні, 28 тамызда Президент бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью