Қазақстан қалаларында гүл бағасы қанша

07.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Раушан гүлі әр мерекеде сұранысқа ие. Алайда оның бағасы өңірлерде әртүрлі болып тұр.

Қарағанды қаласында раушан гүлінің әр данасы орта есеппен 800 теңгеден басталып, 1 500 теңгеге дейін жетті. Ал Жезқазған қаласында баға сәл жоғары. Раушан гүлінің түйірін 1 000 – 1 500 теңгеге сатып алуға болады. Голландық раушан гүлінің бағасы Қостанайда 900 – 1 200 теңге.

Қызылорда қаласында таңдау көп. Мұнда баға гүлдің сұрпы мен ұзындығына қарай өзгеріп отырады. Тараз қаласында ұзындығы 80-100 см әрі жергілікті жерде өсірілген раушан гүлінің әр данасын 800 – 1 000 теңгеге, ал голландық гүлді 1 300 – 1 400 теңгеге сатып жатыр.

Павлодар қаласында баға 600 теңгеден басталғанымен, кей жерлерде 2 000 теңгеге дейін барады. Ақтау мен Талдықорған қалаларында бір гүлдің бағасы 700 – 1 000 теңге және одан жоғары. Елімізде ең төмен баға Қызылорда (қытайлық сұрып) мен Павлодарда болып тұр. Мұнда раушан гүлінің бір данасы 450 – 600 теңге.

Қызғалдақ бағасы раушан гүліне қарағанда тұрақты. Өңірлер арасында аса үлкен айырмашылық байқалмайды.

Қарағанды қаласында оның бағасы 800 – 1 000 теңге болса, Жезқазған мен Қостанайда қызғалдақты 800 – 1 200 теңгеге сатып алуға болады. Ал Оралда қызғалдақты 960 теңгеге, кей жерлерден 600 – 800 теңгеге сатып жатыр.

Еліміз бойынша қызғалдақ бағасы Павлодарда төмен. Мұнда әр данасы 600 – 800 теңге. Ақтау қаласында 600 – 900 теңге, Талдықорғанда шамамен 700 – 1 000 теңге. Петропавл қаласында қызғалдақ бағасы 1 000 теңге, ал пион қызғалдағының бағасы шамамен 1 200 теңге.

Егер алдын ала тапсырыс берсе Көкшетауда қызғалдақтың әр данасын 650 теңгеге сатып алуға болады. Ал мереке күндері гүл бағасы көтеріледі.

Егер орташа бағаны салыстырар болсақ, ең тиімді баға Павлодар, Ақтау мен Көкшетауда. Мұнда қызғалдақты 600 – 650 теңгеге сатып жатыр.

Фото: Kazinform

Ал Петропавл мен Жезқазған қаласында қызғалдақ бағасы ең жоғары. Әр данасын 1 000 - 1 200 теңгеге сатады.

Қызылордада раушан гүлінің сұрпына қарай баға бір-бірінен тым алшақ. Мәселен қытайлық раушан гүлін 450 теңгеге сатып алуға болса, голландық раушан бағасы 3 500 теңге.

Сатушылардың айтуынша, мереке жақындаған сайын гүл бағасы өсіп, кейде аздап төмендеуі мүмкін. Мәселен Таразда жеткізу артып, мереке күні қызғалдақ бағасы 100 теңгеге дейін арзандауы ықтимал.

Еліміздің көп өңірінде қызғалдақ бағасы шамамен 600 – 700 теңге, ал раушан гүлінің орташа бағасы 800 – 1 500 теңге аралығында.

Бұған дейін біз Рамазан ауында құрма бағасы қанша болғанын жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью