Қазақстан қақтығыс аймағынан мыңдаған азаматты қалай шығармақ? СІМ түсіндірді

03.03.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстанда Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялау жөніндегі штаб құрылды. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялау жөніндегі штаб құрылды. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жағдай ушығып кеткеннен кейін Президент Сыртқы істер министрлігінің базасынан штаб құруды тапсырған. Эвакуацияның авиациялық бөлігі екі негізгі бағыт бойынша, яғни Түркия және Сауд Арабиясы арқылы ұйымдастырылған.

"Жолаушылар саны 5 мыңға жуық. Бұл көрсеткіш үнемі өзгеріп отырады", - деді Нұрлан Сауранбаев.

Министр алғашқы эвакуациялық рейсті Flydubai әуекомпаниясы орындағанын айтты. Қазақстан тарапынан Air Astana және SCAT әуекомпанияларынан алты борт жұмылдырылған.

Оман және Сауд Арабиясы арқылы эвакуациялау

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев кешегі Flydubai рейсі билетті 28 ақпанға дейін сатып алған, бірақ 1, 2 наурызда ұшып кете алмаған азаматтар үшін орындалғанын мәлімдеді.

Ол Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін тұтастай жауып тастағанын, бірақ әуекомпанияларға бұған дейін сатылған билеттер бойынша жолаушылар алдындағы міндетін орындауға рұқсат етілгенін айтты.

Билетсіз транзит аумағында жүрген, сондай-ақ, БАӘ мен Қатарда тұратын Қазақстан азаматтары көрші мемлекеттер арқылы тасымалданады.

"Бүгін Дубайдан азаматтарымыз отырған алғашқы автобустар шықты. Күннің аяғына дейін Оманнан 467 азаматты Қазақстанға қайтаруды жоспарлап отырмыз", - деді Әлібек Бақаев.

Сондай-ақ, Сауд Арабиясы арқылы маршрут жасалған: азаматтар Қатардан Эр-Риядқа және одан әрі Жиддаға автобустармен жеткізіледі, сол жерден қазақстандық әуекомпаниялар елге рейстер орындайды.

Ираннан азаматтарды шығару

СІМ өкілінің айтуынша, Ираннан эвакуация Армения, Әзербайжан және Түрікменстан арқылы құрлық жолымен жүзеге асырылады.

"Түркіменстан аумағы арқылы Иранның солтүстігіндегі Горган қаласында болған Қазақстанның 18 азаматы шығарылды", - деді ол.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.

Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ әскери күштері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью