Қазақстан қор биржасында енді араб дирхамымен де сауда жасауға болады

06.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Енді нарыққа қатысушылар AED/KZT (араб дирхамының теңгеге шаққандағы бағамы) және USD/AED (АҚШ долларының дирхамға шаққандағы бағамы) жұптары бойынша операциялар жүргізе алады. Мәмілелер есеп айырысудың бірнеше мерзімі бойынша жүзеге асырылады:

T+0 (TOD) — есеп айырысу мәміле жасалған күні орындалады;

T+1 (TOM) — есеп айырысу келесі жұмыс күні орындалады;

T+2 (SPT) — есеп айырысу екі жұмыс күнінен кейін орындалады.

KASE өкілдері валюталық құралдар тізбегін кеңейту нарық қарқындылығын арттыруға, құралдарды әртараптандыруға және қатысушылар үшін валюталық тәуекелдерді басқаруда қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталғанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін әйгілі Alibaba бағалы қағаздары Қазақстан биржасында саудаға шықты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью