Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Францияның Париж қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының екінші кезеңі жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Аталған турнирде Қазақстан құрамасы екінші медалін еншіледі.
Аралас дуэттер арасындағы (техникалық бағдарлама) жарыста Ясмин Исламова мен Алдияр Рамазанов 211.1267 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Бірінші орынды 231.9159 ұпаймен Ресей өкілдері Алина Румянцева мен Захар Трофимов жеңіп алды. Ал қола жүлде 207.9975 ұпай жинаған колумбиялық Эмили Минанте мен Густаво Санческе бұйырды.
Айта кеткен жөн, Қазақстан құрамасының еншісінде енді екі медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин қола жүлдегер атанған еді.