Қазақстан құрамасы дзюдодан Польшадағы Еуропа кубогын 5 медальмен аяқтады

16.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақта белдескен ол үздік үштіктен көрініп, ел қоржынына бесінші жүлдені салды. Жұбаныш финалында отандасымыз украиналық Олександр Токтамышты қапы қалдырды.

Осылайша Қазақстан құрамасы Варшавада өтен Еуропа кубогін 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен жалпы командалық есепте бесінші орынмен аяқтады. 

Айта кетсек, бұдан бұрын 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына Қазақстанның үш спортшысы көтерілді. Финалда Тоқтар Умуталиев Сұңғат Нұрлатұлын жеңсе, бұл салмақта қола жүлде үшін белдесуде Асылхан Зинуллин польшалық спортшы Ксаверий Игнасякты қапы қалдырды. 

Ел құрамасы қоржынына тағы бір қоланы Камила Берліқаш (78 келі) салды. 
Айта кетсек, ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа кубогіне 27 елден 320 дзюдошы қатысты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-при турнирін екі медальмен аяқтады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью