Қазақстан құрамасы Милан 2026 Олимпиадасына тағы 4 жолдама иеленді

19.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— Сәйкесінше, Милан-Кортина ойындарында елімізден 2 ер, 2 әйел сынға түседі. Осы тұста аталған жолдама жекелей спортшыға емес, Ұлттық федерацияға берілгенін айта кеткен жөн. Италияға нақты кімдердің баратынын жақында Қазақстан құрамасының бапкерлер кеңесі жариялайды, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қазір Қазақстан еншісінде келесі спорт түрлерінен лицензия бар:

Конькимен жүгіру спорты (12 лицензия) — Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Шорт-трек (9 лицензия) — Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

Мәнерлеп сырғанау (2 лицензия) — Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады. XXV қысқы олимпия ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Осыдан бұрын қазақстандық телеарналар XXV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсететінін жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью