Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: ҰОК
22 елдің спортшылары қатысқан жарыста ел қоржынына екі алтын, бір күміс және төрт қола медаль түсті.
Алан Құрманғалиев (U19) пен Жәния Бекмұхамбетова (U13) өз жас санаттарында чемпион атанды. Ал Назерке Болатбек (U11) күміс медаль иеленді.
Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді
Сонымен қатар Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық пен Нұрай Жанаева U11 жас санатында қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, 2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Ұйымдастырушылар әлем чемпионаты Қазақстандағы ең ірі халықаралық спорттық оқиғалардың біріне айналатынын атап өтті.