Қазақстан құрамасынан үш балуан жасөспірімдер Азиадасының финалына өтті

28.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалға жолдама алды.

Қыздар арасында 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сания Сұлтанғали жартылай финалда тайбэйлік Чао-ших Сяодан басым түсті.

61 келіге дейінгі салмақта Жайдар Мұқат жапон спортшысы Ваки Аваноны жеңді.

Ал ерлер арасында Бекасыл Асамбек шиеленіскен жартылай финалда ирандық Сейедтахи Хашемиді 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, финалдық белдесулер 28 қазан күні өтеді.

Еске салсақ, тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші медалін жеңіп алды.

Он боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына шықты.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында топ жарды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью