Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты.
Санкт-Петербургте өткен жиында парламентарийлер Қырғызстандағы Жогорку Кеңештің мерзімінен бұрын өткен сайлауының қорытындысын және Қазақстандағы жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумды талқылады.
© Photo : Межпарламентская Ассамблея СНГСанкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
© Photo : Межпарламентская Ассамблея СНГ
Әшімбаевтың айтуынша, референдумға ТМД Парламентаралық Ассамблеясы бақылаушылар делегациясының қатысуы маңызды рөл атқарып, процестің ашық әрі айқын өткенін қосымша дәлелдеді. Ол сондай-ақ 2026 жылдың тамызында өтетін Қазақстанның Құрылтай сайлауына Ассамблея бақылаушыларын шақыруға үміт білдірді.
Жиында Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафарова ТМД елдеріндегі бақылаушылар жұмысы ынтымақтастық пен өзара қолдаудың көрінісі екенін айтты. Ол қазақстандық әріптестерін референдумның сәтті өтуімен құттықтады.
"ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінде сайлау науқандары қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып өтті және еркін әрі әділ сайлау қағидаттарына сай деп танылды", – делінген ұйымдастырушылар хабарламасында.
Жаңа бір палаталы парламент – Құрылтай 145 депутаттан тұрады, олар 5 жыл мерзімге сайланады.