Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Келіссөздерге Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов қатысты. Сондай-ақ отырысқа Тәжікстанның Энергетика министрі Далер Джума шақырылды.
Фото: Энергетика министрлігіТараптар су-энергетикалық ресурстарды басқару саласындағы үшжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік энергожүйенің тұрақты әрі теңгерімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Генерациялаушы қуаттардың жұмыс режимдерін үйлестіруге, су пайдалану бойынша келісілген параметрлерді сақтауға және ортақ тәсілдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Фото: Энергетика министрлігі— Кездесуде маусымдық жүктемелер кезеңінде өзара қолдау мен жедел өзара іс-қимылдың маңыздылығы, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік мүддесінде трансшекаралық өзендердің тұрақты су режимін сақтау қажеттігі атап өтілді. Тараптар Орталық Азияның су-энергетикалық жүйесінің сенімділігін нығайтуға бағытталған сындарлы диалогты және тату көршілік рухындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға бейілділігін растады, — делінген хабарламада.
Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітетін үшжақты хаттамаға қол қойылды.
Бұдан бұрын Президент Энергетика министрлігінің бұрынғы басшыларын сынға алды.