Қазақстан Қытайдан Ресейге автомобильдерді тасымалдау жөніндегі пилоттық жобаға қосылды

07.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Чунцин – Достық – Ворсино бағыты бойынша мамандандырылған контейнерлерде автомобильдер тасымалданады, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес компаниясы "KTZ Express" акционерлік қоғамы Чунцин (Қытай) – Достық (Қазақстан) – Ворсино (Ресей) халықаралық бағыты бойынша жеңіл автомобильдерді мамандандырылған контейнерлерде тасымалдап жатыр.

"Жоба China Railway Container Transport Corporation (CRCT), Yuxinou (Chongqing) Logistics Co., Ltd және "KTZ Express" АҚ компанияларының ынтымақтастығы аясында іске асырылып жатыр. Yuxinou (Chongqing) Logistics Co., Ltd компаниясы пойызды жөнелтсе, KTZ Express 1520 мм теміржол желісі бойынша тасымалды экспедициялайды", - дейді ұлттық компания.

Пойыз құрамында автомобильдерді тасымалдауға арналған 55 мамандандырылған 40 футтық контейнер бар. Жөнелтілімнің жалпы көлемі 182 жеңіл Changan маркалы автокөлігі.

Жобаның ерекшелігі сол – 40 футтық контейнерлер жеңіл автомобильдерді тасымалдау үшін арнайы әзірленген, жүк көтергіштігі 35 тонна.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью