Қазақстан регби 7 ден Азия сериясының кезеңінде бесінші орын алды

31.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қытайдың Сучжоу қаласында ерлер мен әйелдер командалары арасында регби-7-ден Азия сериясының алғашқы кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңде Сингапур мен Өзбекстан құрамаларын жеңіп, Қытайға есе жіберді. Алдын ала кезең қорытындысы бойынша командамыз ширек финалға жолдама алды.

Жартылай финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшылар Таиланд құрамасымен ойнап, 0:43 есебімен жеңіліп қалды. Осыдан кейін команда бесінші орын үшін күресін жалғастырды. Алдымен Қазақстан Өзбекстанды 29:7 есебімен жеңді. Ал шешуші кездесуде отандастарымыз Үндістаннан 17:12 есебімен басым түсіп, қорытынды есепте бесінші орынға ие болды.

Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Шри-Ланка, Қытай және Оңтүстік Корея командаларына қарсы ойнап, үш кездесуде де жеңіліс тапты. Осыдан кейін құрама 9-12-орындар үшін күресті жалғастырды.

Қазақстандықтар Үндістанды 28:19 есебімен жеңіп, кейін Сингапурға 7:17 есебімен есе жіберді. Ал соңғы кездесуде Қазақстан Өзбекстаннан 17:14 есебімен басым түсіп, Азия сериясының алғашқы кезеңін оныншы орынмен аяқтады.

Айта кетейік, ерлер арасында Гонконг құрамасы жеңімпаз атанса, ал әйелдер арасында Жапония топ жарды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью