Қазақстан Ресеймен мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімді жаңартады

08.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін бажсыз жеткізудің арқасында шамамен 30 миллиард теңге үнемдейді. Бұл туралы Құрылтай отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Құрылтай депутаттары Қазақстан мен Ресей арасындағымұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды екі оқылымда қарады.

Отырыс барысында энергетика министрінен Ресейден мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу режимін сақтау Қазақстанға қандай экономикалық артықшылықтар беретіні сұралды.

Ақкенженовтің айтуынша, оның бірі - қолданыстағы отын тапшылығын Ресейден импорттау есебінен кедендік баж салығын төлемей жабу мүмкіндігі.

"Бүгінгі таңда бізде дизель отынының тапшылығы бар, оны Ресей Федерациясынан әкелеміз. Екінші (себеп - ред. ескертпесі) - кедендік баждардан босатылу. Егер бізде мұндай келісім болмаса, біз Ресей Федерациясының бюджетіне кедендік баж төлейтін едік. Біз шамамен 30 миллиард үнемдеп отырмыз - бұл кедендік баждарды Ресей бюджетіне төлемейміз", - деді министр.

Тағы бір артықшылық авиациялық отынға қатысты. Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, Қазақстан әзірге ішкі нарықты өз авиаотынымен толық қамтамасыз ете алмайды және Ресейден жыл сайын шамамен 300 мың тонна импорттайды.

"Дәл осы келісім бізге авиациялық отынды Ресей аумағынан бажсыз әкелуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Ақкенженов.

Министр келісімнің артықшылықтары қатарында сапалы мұнай жеткізу мәселесін де атап өтті.

Келісімде не қарастырылған?

Сөз Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жайында болып отыр.

Қазақстан оны 2013 жылы ратификациялаған болатын. Келісімнің қолданылу мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтарда аяқталды. Енді тараптар оның қолданысын қайта жаңғыртып, мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастық шарттарын өзектендіруге ниетті.

Тиісті хаттамаға Қазақстан мен Ресей 2024 жылғы 27 қарашада Астанада қол қойды.

Құжат келісімнің 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылуын қарастырады. Осыдан кейін, егер тараптардың бірі оны тоқтату туралы шешім қабылдамаса, ол автоматты түрде бес жылдық кезеңдерге ұзартылады. Мұндай жағдайда ол екінші тарапты кемінде алты ай бұрын жазбаша түрде хабардар етуі тиіс.

Келісімді қолдануға немесе түсіндіруге қатысты дауларды консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешу ұсынылады.

Министрден Ресейден мұнай өнімдерін жеткізудің баламасы туралы сұралды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью