Қазақстан Республикасы Көлік министрі Air Astana басшысымен кездесті

24.04.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

gov.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Air Astana компаниялар тобының Бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның азаматтық авиациясының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, авиатасымалдардың сапасын арттыру, маршруттық желіні кеңейту және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Халықаралық маршруттарды дамытуға, оның ішінде еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылды. Ұшу уақыты 7 сағатқа дейінгі радиуста жаңа бағыттарды ашу бойынша жұмысты жандандыру қажеттілігі атап өтілді. Сондай-ақ әуе кемелері паркін жаңарту жоспарлары қаралды.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев саланың алдағы жылдарға арналған негізгі міндеттерін атап өтті. Басымдықтар қатарында бәсекеге қабілетті авиация нарығын одан әрі дамыту, халық үшін авиатасымалдардың қолжетімділігін арттыру, заманауи цифрлық технологияларды енгізу және халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтау.

Тараптар Министрлік алаңында авиация саласын дамытудың барлық өзекті мәселелері бойынша тығыз іс-қимыл жасауға және контруктивті диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Бүгін, 15:00

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью