Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Құжатта: "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанынан Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын",- делінген.
Жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілді:
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі – Ведомствоаралық жұмыс тобының басшысы;Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы – Ведомствоаралық жұмыс тобы басшысының орынбасары;Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаментінің басшысы – Ведомствоаралық жұмыс тобының хатшысы.Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісі;Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісі;Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісі;Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары;Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары;Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары;Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары;Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі.Сонымен қатар жұмыс тобы туралы ереже бекітілді.
Ведомствоаралық жұмыс тобының негізгі міндеттері:
қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ) саласында мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру үшін жағдайлар жасау;КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ жүйесін жетілдіруге жәрдемдесу;КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу;Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ саласындағы халықаралық-құқықтық міндеттемелерін ұлттық мүдделерін ескере отырып қабылдауына және іске асыруына жәрдемдесу;Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттер.Ведомствоаралық жұмыс тобына мынадай өкілеттіктер берілді:
белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен ақпаратты сұрату және алу;Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерін отырыстарда тыңдау, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғаларды жұмыс тобының отырыстарына шақыру;жекелеген жұмыс түрлерін орындау үшін белгіленген тәртіппен сарапшылар мен ғалымдарды тарту;жүктелген міндеттер, функциялар мен өкілеттіктер шегінде шешімдер қабылдау.Ведомствоаралық жұмыс тобының жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі болып табылады.