Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазіргі таңда Қазақстанда ревматоидты артритке шалдыққан пациенттердің бірыңғай цифрлық регистрін енгізу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқаны аян. Бұл тек есеп жүргізу үшін емес, емдік шаралардың тиімділігін нақты уақыт режимінде бақылауға жол ашады. Клиникалық тәжірибеге жаңа буын дәрілік препараттар енгізілуде. Мәселен, жүйелі қызыл жегі бар пациенттер үшін анифролумаб қолжетімді болып, күрделі жағдайларда ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.Egemen.kz
Осы орайда Алматы заманамыздың ревматологияның өзекті мәселелерін талқылайтын халықаралық пікірталас алаңына айналып, осы қалада Қазақстан ревматологтарының IX Конгресі және APLAR-QCR Саммиті өтті. Ауқымды жиын, алқалы бас қосу Ұлыбритания, Жапония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, сондай-ақ Еуразия өңірі мен Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының елдері сияқты әлемнің 15-тен астам елінен келген жетекші мамандарды, ғалымдарды, клиницистер мен жас зерттеушілерді бір залда тоғыстырды.
Конгресс қатысушылары алдында сөйлеген Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев: «Біздің институт Қазақстанда озық медициналық технологияларды енгізудің бастауында әрдайым тұрды. Біз цифрлық регистрлерді интеграциялау және молекулалық-генетикалық зерттеулерді дамыту бастамаларын қолдаймыз, бұл жүйелік ауруларды емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді.
APLAR вице-президенті Тоғызбаев Ғалымжан: «APLAR Young Rheumatologists (AYR) ұйымымен бірлескен жас дәрігерлердің көшбасшылық құзыреттерін дамыту бастамасы – болашаққа жасалған инвестиция. Біз ертеңгі медицина көшбасшыларының тек терең клиникалық білімге ғана емес, сондай-ақ ғылым мен қоғамдық денсаулық сақтауды басқару дағдыларына ие болуына жағдай жасап жатырмыз», – деді.
APLAR-QCR Саммиті кәсіби диалогтың негізгі алаңына айналып, жас зерттеушілерді, тәжірибелі дәрігерлерді, аралас сала мамандары мен халықаралық сарапшыларды біріктірді. Іс-шараның ғылыми бағдарламасы озық білім алмасуға, ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибе арасындағы алшақтықты азайтуға және халықаралық кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Саммитте негізінен APLAR жас ревматологтарының клиникалық, көшбасшылық құзыреттері талқыланды.
Бұған дейін өткен конгрестермен салыстырғанда, бұл форумның басты ерекшелігі – 45 жасқа дейінгі мамандарға арналған жас ғалымдар секциясы. Бұл алаң қатысушыларға өз зерттеу нәтижелерін халықаралық сарапшыларға ұсынуға, кәсіби баға алуға және ғылыми байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар шетелдік жетекші мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 80-нен астам елден 2 мыңнан астам ревматологты жинайтын APLAR 2029 Конгресін өткізуге дайындық болатын.
Ревматологиялық көмек пациенттерге жақындап келеді: 2026 жылдың мамырында Астанада ревматологиялық орталық құрылды, өңірлерде орталықтар ашылды, Республикалық ревматология орталығының жұмысы күшейтілді, өңірлерге іссапарлар ұйымдастырылуда, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен және штаттан тыс бас ревматологтармен кездесулер өткізіліп, ревматологиядағы өзекті мәселелер шешілуде.
Соңғы 3 жылда Қазақстан ревматологтарының жоғары рейтингті журналдардағы ғылыми жарияланымдарының саны екі есеге артқан, бұл Қазақстанның өңірлік ғылыми хаб ретіндегі мәртебесін дәлелдейді.
«Біздің мақсатымыз – тек емдеу емес, ауруды басқару. 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтау жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясында цифрлық технологияларды енгізу бізге емдеу көрсеткіштерін жақсартуға және мыңдаған азаматтың мүгедектікке ұшырауын болдырмауға мүмкіндік береді», – дейді конгресті ұйымдастыруға ұйытқы болған Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ревматология алқасының өкілдері.
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты
Саясат • Бүгін, 19:59
Алматыда әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға арналған тренинг басталды
Қоғам • Бүгін, 19:26
Алматыға «Almaty Superski» жобасы не үшін керек?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі
Инфрақұрылым • Бүгін, 18:08
LRT іске қосылғалы 180 мыңнан астам жолаушы тасымалданды
Қоғам • Бүгін, 18:01
Экономика өсімі бар, бірақ табыс неге артпайды? Министр жауап берді
Экономика • Бүгін, 17:55
Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген: Вагондарды негізсіз кідірту фактілері анықталды
Оқиға • Бүгін, 17:49
Ішкі істер министрлігіне жаңа функция жүктелді
Үкімет • Бүгін, 17:43
Енді ХҚО-ларда кейбір құжаттар берілмейді: Оны қайдан алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Жұмыс орнында қысымға ұшыраған мұғалім әділдік іздейді
Қоғам • Бүгін, 17:28
Меркіде үздік қазақы тазылар анықталды
Оқиға • Бүгін, 17:13
1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:03
Елімізде 14-17 жастағы қыздарға вакцина салынады
Денсаулық • Бүгін, 16:55
Президент: Жасанды интеллект жойқын ақпараттық қаруға айналды
Президент • Бүгін, 16:50
Мемлекет басшысы: Транскаспий бағытының дамуы қауіпсіздік мәселесімен тікелей байланысты
Президент • Бүгін, 16:42