Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Әйелдер құрамасы блоктық садақ атудан жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова финалда Үндістан командасын жеңді. Кездесу 229:227 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасын алда командалық сайыстарда тағы екі финал күтіп тұр. Ерлер және әйелдер құрамасы классикалық садақ атудан алтын медаль үшін сынға түседі.
Бұдан бұрын садақ атудан Қазақстан командасының спортшылары 3 финалда сынға түсетінін жазғанбыз.