Қазақстан сатып алу қабілетінің тепе теңдігі бойынша әлемде 36 орында тұр

19.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Халықаралық валюта қорының былтыр қазанда жарияланған есебіне сәйкес, Қазақстан экономикасының көлемі 973 млрд долларды құрады.

Рейтинг көшін Қытай (43,49 трлн доллар) мен АҚШ (31,82 трлн доллар) бастап тұр.

Сондай-ақ тізімге келесі елдер енді:

• Үндістан – 19,14 трлн доллар;

• Ресей – 7,34 трлн доллар;

• Жапония – 6,92 трлн доллар;

• Германия – 6,32 трлн доллар;

• Индонезия – 5,36 трлн доллар;

• Бразилия – 5,16 трлн доллар;

• Франция – 4,66 трлн доллар;

• Ұлыбритания – 4,59 трлн доллар.

Айта кетейік, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі елдің экономикалық көлемін өмір сүру құнындағы айырмашылықтарды ескере отырып түзететін көрсеткіш. Осы өлшем бойынша әлемдік экономика көлемі 219 трлн доллардан асады, оның шамамен жартысы Азия елдерінің үлесіне тиесілі. Жалпы ішкі өнімі 43,5 трлн доллардан асатын Қытай аталған көрсеткіш бойынша әлемдегі ең ірі экономика саналады.

Ал Қазақстан рейтингте Сингапур (35-орын) мен Румынияның (37-орын) арасында орналасқан.

Бұған дейін Халықаралық валюта қоры жаһандық экономикалық өсу болжамын 3 пайызға дейін көтерген еді.

Еске сала кетейік, Халықаралық валюта қоры Қазақстан 2025 жылды 13 пайыз инфляциямен аяқтауы мүмкін екенін айтқан.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью