Қазақстан шахматшылары алты дүркін Олимпиада чемпиондарымен тең түсті

24.09.2026

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің атынан 16 жастағы Елназ Қалиахмет бесінші жеңісіне қол жеткізсе, үшінші үстелде ойнаған Меруерт Камалиденова қарсыласына есе жіберді. Ал Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман өз партияларында жеңімпазды анықтай алмады. Қорытынды есеп - 2:2.

Сонымен:

І-орында Қытай – 13 ұпай (6 жеңіс, 1 тең ойын)

ІІ-орында Қазақстан – 13 ұпай (6 жеңіс, 1 тең ойын).

Ерлер арасында Қазақстан құрамасы Сербияға төтеп бере алмады. Ертең 8-тур ойындары өтеді.

11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью