Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қазақстан аумағына ірі көлемде вейптерді заңсыз алып кіру әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
29 маусымда «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде жүк автокөлігін тексеру кезінде тіркемедегі өзге тауарлардың арасына жасырылған 27 624 дана вейп анықталды.
Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген электрондық тұтыну жүйелерінің құны шамамен 500 миллион теңгені құрайды.
Аталған дерек бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді елге әкелуге және өндіруге заңмен тыйым салынған.