Қазақстан шикізаттық емес экспортты жүйелі басқаруға көшті | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстан 2028 жылға қарай күнбағыс майын әлемдегі жетекші үш экспорттаушы елдің қатарына енгізуді және май-тоңмай өнімдерінің экспорт көлемін 1 млрд АҚШ долларынан асыруды көздеп отыр.
Бұл мақсатқа жету үшін ел жекелеген қолдау шараларынан жүйелі салалық басқару моделіне көшіп, шикізаттан бастап өңдеу, логистика және мақсатты нарыққа дейінгі толық экспорттық тізбектерді қалыптастыруға бағыт алды.
Астанада биылғы шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі Экспорттық штабтың алғашқы отырысы өтті.
Жиынға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков төрағалық етті.
Онда агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспортын дамытуға арналған жаңа тәсілдер және қазақстандық өндірушілердің сыртқы нарыққа шығу барысында кездесетін жүйелі кедергілерді жою мәселелері талқыланды.
2025 жылы Экспорттық штабтың жұмысы жаңа форматқа өтті. Бұған дейін талқылаулар жекелеген мәселелер шеңберінде жүргізілсе, өткен жылы QazTra
Олар агроөнеркәсіп өнімдеріне, май-тоңмай саласына, астықты қайта өңдеуге, балға, өнеркәсіп және IT өнімдеріне арналды.
Читать полностью
Читать новость