Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фото: irecommend.ru
Жаңа ережелер 13 шілдеден бастап күшіне енді. Үкімет қаулысына сәйкес, енді мемлекеттік туды жарнамалық мақсатта, сондай-ақ киім-кешекке, төсек-орын жабдықтарына, перделерге, дастархандарға, кілемдерге және өзге де жабын түрлеріне пайдалануға тыйым салынады.
Осыған байланысты әлеуметтік желілерде ел тұрғындары «Лотте Рахат» АҚ шығаратын танымал «Қазақстан» шоколадының қаптамасы өзгере ме деген сауал көтерді.
Мемлекеттік Туды пайдалану ережесі өзгерді: нені білу керек?
Сонымен бірге жаңа талаптар бұрын өндіріліп, сауда айналымына шығарылған өнімдерді өткізуге тыйым салмайды.
Министрліктің мәлімдеуінше, тауардың өзі мен оны жарнамалау ұғымдарын ажырата білу қажет. Егер Мемлекеттік Тудың бейнесі өнімнің бұрыннан қолданылып келе жатқан қаптамасының бір бөлігі болса, бұл өздігінен заң бұзушылық болып саналмайды. Осыған байланысты қазіргі қаптамамен шығарылған «Қазақстан» шоколадының сатылымына шектеу қойылмайды.
Дегенмен министрлік өндірушілерге алдағы жарнамалық науқандарды әзірлеу барысында жаңа талаптарды ескеруге кеңес берді. Сондай-ақ заң талаптары әрбір нақты жағдайдың ерекшелігіне қарай қолданылатыны атап өтілді.