Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Кездесуге сондай-ақ ИКАО Кеңесіндегі Сингапурдың Тұрақты өкілі Эйлин По ханым, ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза, Сингапур авиация академиясының деканы және Сингапурдың Азаматтық авиация басқармасының (CAAS) аға кеңесшісі Тэй Тианг Гуан мырза қатысты.
Тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, оның ішінде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, авиациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ салаға заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде ИКАО шеңберіндегі ынтымақтастыққа назар аударылды.
Фото: Азаматтық авиация комитеті— Екі ел арасындағы жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты тараптар әуе қатынасын ашу мәселесін, оның ішінде «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану мүмкіндігін талқылады. Сингапур тарапы Қазақстанның танымал бағытқа айналып келе жатқанын атап өтіп, осыған байланысты тікелей әуе қатынасын дамытуға және елдер арасындағы көлік қолжетімділігін кеңейтуге қызығушылық білдірді, — делінген хабарламада.
Салтанат Томпиева Сингапурдың әлемдегі жетекші авиациялық орталықтардың бірі екенін атап өтіп, авиациялық кадрларды даярлау саласындағы серіктестікті нығайту мен ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Фото: Азаматтық авиация комитетіҚазақстан мен Сингапур авиация академиясы арасындағы ынтымақтастық қазірдің өзінде нақты нәтижелер беруде: қазақстандық авиациялық персонал аталған академияда оқудан өтіп, біліктілігін арттыруда.
Алдағы уақытта тараптар өзара іс-қимылды кеңейтіп, даярлау бағдарламаларының ауқымын ұлғайту және авиация саласындағы кадрлардың кәсіби дамуы бойынша әріптестікті тереңдетуді жоспарлап отыр.Кездесу қорытындысы бойынша авиация саласының тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық расталды.
Ал бүгін Астана — Ұлан-Батыр бағытында әуе рейсі ашылатыны хабарланды.