Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстандық спортшы Ильдар Амирдинов әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Амирдинов жастар арасындағы ушу саньдадан әлем чемпионатында ел тарихында алғаш рет алтын медаль иеленді.
© Photo : Қазақстанның Ушу және Кунг фу федерациясыИльдар Амирдинов әлем чемпионатында топ жарды
Ильдар Амирдинов әлем чемпионатында топ жарды
© Photo : Қазақстанның Ушу және Кунг фу федерациясы
"48 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы барлық қарсыласынан басым түсіп, финалда Мысыр спортшысы Ахмед Мухамедті жеңді", - деп жазылған Қазақстан Ушу және Кунг фу федерациясының хабарламасында.
Дәл осы чемпионатта Айару Мухаметова мен Әліжан Мұхаметов ушу таолудан қола жеңіп алса, Даниил Джеджула "Нань Цуань" дисциплинасында күміс медаль иеленді.
Қытайдағы чемпионат бүгін аяқталады. Оған 78 елден 1000-нан астам спортшы қатысып жатыр.