Қазақстан Superpave технологиясын енгізуді жалғастыруда

01.04.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстанда автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жүйелі түрде жаңғырту жалғасуда. Негізгі бағыттардың бірі – нақты климаттық жағдайлар мен көлік жүктемелерін ескере отырып жол жамылғыларын жобалауға мүмкіндік беретін озық Superpave технологиясын енгізу, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы жұмыс аясында «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (КаздорНИИ) битумды тұтқыр материалдарды бағалаудың заманауи әдістерін енгізуге бағытталған ұлттық стандарттар жобаларын әзірлеуде. Атап айтқанда, бұл стандарттар реологиялық сынақтарды қолдануды, оның ішінде динамикалық ығысу реометрін (DSR) пайдалануды көздейді. Бұл материалдардың төмен температурадағы және жүктемелерін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді.

«Біз әзірлеп жатқан ұлттық стандарттар Қазақстанның климаттық ерекшеліктері мен нақты көлік жүктемелерін ескере отырып, асфальтобетон қоспаларын жобалаудың ғылыми негізделген тәсілін қалыптастырады. Бұл жазғы кезеңде жол жамылғысының ойықтануға төзімділігін арттырып, қыс мезгілінде температуралық жарықшақтардың пайда болу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» өкілдері.

Қазақстан жағдайында мұндай тәсілдерді енгізудің стратегиялық маңызы зор. Жол құрылымдары қатты аяздан бастап жазғы жоғары температураға дейінгі, шамамен 100 °C-қа дейін жететін күрт ауытқулар жағдайында пайдаланылады. Бұл материалдардың тез тозуына, негіздердің көтергіш қабілетінің төмендеуіне және жолдарды күтіп ұстауға кететін шығындардың артуына әкеледі.

Superpave әдіснамасын, оның ішінде битумды тұтқыр материалдарды PG (Performance Grade) жүйесі бойынша жіктеуді енгізу осы факторларды жобалау кезеңінде ескеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жүктемелер біркелкі бөлініп, жол құрылымдарының қызмет ету мерзімі артады.

Қазіргі таңда Қазақстанда Superpave әдіснамасы бойынша алты ұлттық стандарт бекітілді, тағы үшеуі әзірлену үстінде. Әзірлемелер халықаралық тәжірибені ескере отырып жүргізілуде және ұлттық стандарттау жүйесін озық әлемдік тәжірибелермен үйлестіруге бағытталған.

2025 жылы республикалық және жергілікті жолдар желісінде пилоттық учаскелер төселді. Олардың қатарында «Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас», «Отар – Ұзынағаш», «Қапшағай – Құрты», «Қызылорда – Жезқазған» жобалары, Астана қаласындағы Е-51 көшесі, сондай-ақ «Астана – Щучинск» учаскесі бар. Аталған нысандарда зертханалық және далалық сынақтар жүргізіліп, қолданылған шешімдердің нақты пайдалану жағдайларындағы тиімділігі расталды.

Қазақстанда Superpave технологиясын енгізу жол инфрақұрылымының сапасын арттыруға, оны күтіп ұстау шығындарын азайтуға және ұзақ мерзімді перспективада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негіз қалыптастырады.

Жаңа стандарттар жобаларымен Ұлттық стандарттау органының ресми интернет-ресурсындағы қоғамдық талқылау бөлімінде танысуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью