Қазақстан Сыртқы істер министрі Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысын қабылдады

24.04.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Министр Қазақстан ТМҰ-ның құрылуына бастамашы мемлекет ретінде түркі интеграциясын одан әрі дамыту мен нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Осы тұрғыда, өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша іс жүзіндегі ынтымақтастықты тереңдетудің және бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығына көңіл аударды.

Бас хатшы Өңірлік экологиялық саммиттің (ӨЭС) жұмысын жоғары бағалап, мұндай ауқымды іс-шараның қорытындылары орнықты тәжірибелерді енгізуге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен бірге К.Омуралиев ӨЭС аясында өткен ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Қоршаған орта және экология министрлерінің 2-отырысының нәтижелері туралы хабардар етті.

Кездесудің күн тәртібі Қазақстан Республикасының ТМҰ-мен өзара іс-қимылының мәселелерін және әлемдік өзекті проблемалар мен өңірдегі ахуал бойынша пікір алмасуды қамтыды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью