Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Анкараға ресми сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның қабылдауында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сұхбат барысында Р.Т.Ердоған екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде қарқынды дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, екі ел арасындағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Тараптар бауырластыққа және берік достыққа негізделген қазақ-түрік қатынастарын одан әрі нығайту жолдары мен әлеуетін талқылады. Қазақстан мен Түркияның халықаралық ұйымдарда, оның ішінде түркі интеграциясы шеңберінде өзара сенім мен қолдау рухындағы әрекеті, сондай-ақ жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша қөзқарастарының ұқсастығы жоғары бағаланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.