Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандастарымыз ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен, жартылай финалда Ресей құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Ал ақтық сында Қытай құрамасына 2:0 есебімен жол берді.
Құрама сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.
Айта кетейік, командалық Әлем кубогы 16 шілдеде аяқталады.
Бұған дейін дзюдодан Asian Open турнирінде Қазақстан спотшылары сегіз медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.