Қазақстан тарихында тұңғыш рет: Табиғатты қорғауға ең жоғары конституциялық мәртебе берілді

01.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, Қазақстан тарихында алғаш рет әрбір азаматтың табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарау міндеті конституциялық деңгейде нақты бекітілді. Бұл – экологиялық жауапкершілікті нығайтуға және қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

«Конституцияның преамбуласында азаматтардың келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігі айқындалған. Бұл табиғи ресурстарды ұтымды әрі ұқыпты пайдаланудың маңызымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, Конституцияның 37-бабында әрбір азаматтың табиғатты қорғау міндеті бекітілген», деді министр.

Оның айтуынша, дәл осы қағидаттар бүгінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының негізін құрайды. Мемлекет басшысы бірнеше мәрте атап өткендей, бұл жоба – қоршаған ортаның тазалығына, ойдың тазалығына және жоғары азаматтық жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

«Жоба іске қосылғаннан бергі нәтижелер оның ауқымын айқын көрсетеді. Республика бойынша 5,2 миллион ағаш отырғызылып, 2,2 миллион тонна қалдық жиналды, сондай-ақ 3,4 миллион гектар аумақ тазартылды. Ең бастысы, бұл бастама шын мәнінде бүкілхалықтық жобаға айналды. Себебі жыл сайын өткізілетін экологиялық акцияларға 6,5 миллионнан астам адам белсенді қатысады», делінген хабарламада.

Экологияға деген шынайы жанашырлық әр адамның күнделікті қарапайым іс-әрекетінен басталады. Қоқыс қалдырмау, суды үнемдеп пайдалану, ағаш отырғызу, өз ауласы мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – осындай қарапайым қадамдардың нәтижесінде қалаларымыз бен ауылдарымыз таза, жайлы әрі көрікті бола түседі. Сенбіліктерге белсенді қатысу да осы игі істің маңызды бөлігі.

Осы ретте министр ел тұрғындарын «Таза Қазақстан» бастамасын белсенді қолдауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Нағыз экологиялық мәдениет әрқашан әр адамның жеке үлгісінен басталады, ал ауқымды қоғамдық өзгерістер әркімнің өзінен бастау алатын шағын қадамдарынан құралады.

Тоқаев: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру – конституциялық міндет

Еске салайық, бүгіннен бастап елімізде Жаңа Конституция күшіне енді. Соған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью