Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеу бойынша редакция алқасының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Ақорда
Жиында кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихына арналған алтыншы томның қолжазбасы қаралды.
Редакция алқасы мүшелерінің ұсыныстары негізінде жаңарған алтыншы томның тұжырымдамасын, құрылымы мен мазмұнын авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаева таныстырды. Қосымша редакциялық жұмыс барысында 120-дан астам ескерту мен ұсыныс назарға алынды. Жалпы алғанда алтыншы том 7 бөлімнен, 19 тараудан және 126 параграфтан тұрады. Авторлар ұжымының құрамына 70-тен астам ғалым мен зерттеуші енген.
Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанның, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасованың, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты Андрей Чеботаревтің рецензиялары тыңдалды.
Сондай-ақ редакция алқасының Мәмбет Қойгелдиев, Кенжехан Матыжанов, Дихан Қамзабекұлы, Нұрсан Әлімбай, Еркін Әбіл, Ханкелді Әбжанов секілді мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Отырыс қорытындысы бойынша редакция алқасы алтыншы томның қолжазбасын бекітіп, баспаға дайындау туралы шешім қабылдады.
Келесі отырыста «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне арналған жетінші томы қарастырылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін редакция алқасы бесінші томның қолжазбасын бекітіп, баспаға дайындау туралы шешім қабылдады.
Соңғы жаңалықтар
LRT-дағы кідіріс: «Жібек жолы» станциясы неге пайдалануға берілген жоқ?
Қоғам • Бүгін, 16:04
Олимпиада жүлдегері Денис Ұланов кәсіби мансабын аяқтады
Спорт • Бүгін, 15:43
Дастан Сәтпаевтың командасы: Хаби Алонсо «Челсидің» бас бапкері атанды
Спорт • Бүгін, 15:23
Тараздық оқушы қатерлі ісікті анықтайтын ғылыми жобасымен әлемдік көрмеде топ жарды
Ғылым • Бүгін, 14:21
Астанадағы PGL 2026 турнирінің финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 14:17
Отандық ғалымдар жусанға аллергияны бір аптада емдейтін дәріні әзірледі
Ғылым • Бүгін, 13:53
Ирак Ормұз бұғазы арқылы мұнай экспортын 9 есеге қысқартты
Әлем • Бүгін, 13:23
Африкада Эбола вирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:46
Бангкокта пойыз бен автобус соқтығысып, 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:30
Астанадағы мектепте атыс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Қасым-Жомарт Тоқаевты шет мемлекет басшылары туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 11:35
Қазақстандағы әрбір екінші ересек адамның артериялық қысымы жоғары
Қоғам • Бүгін, 11:16
«Евровидение» байқауында Болгариялық әнші жеңіске жетті
Әлем • Бүгін, 10:56
«Миссиямды орындадым»: Роберт Левандовски «Барселонадан» кететінін мәлімдеді
Футбол • Бүгін, 10:28
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек көрсетті
Саясат • Бүгін, 10:08