Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанның экспорты жарты жылда 40 млрд доллардан асты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, қаңтар-маусым айларында отандық тауарлардың экспорты 8,6%-ға өсіп, 40,3 млрд долларға жетті. Былтырдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 37,1 млрд доллар болған.
Бір жыл ішінде қазақстандық тауарларды сатып алуды ең көп арттырған елдердің қатарында Түркия (94,3%), Франция (45,2%), Өзбекстан (39,5%) және Германия (шамамен 10%) бар.
Қазақстаннан тауар көп сатып алатын елдер:
Қытай — $7,51 млрд;
Италия — $6,98 млрд;
Ресей — $3,49 млрд;
Түркия — $3,23 млрд;
Нидерланд — $2,6 млрд;
Франция — $2,32 млрд;
Өзбекстан — $2,14 млрд.
Биыл қаңтар-маусым айларында Қазақстаннан мыс және одан жасалған бұйымдардың экспорты шамамен 58%-ға өсіп, $1,8 млрд-тан $2,84 млрд-қа жетті. Ал мыс кендері мен концентраттарының экспорты 43%-ға артып, $1,44 млрд-тан $2,05 млрд-қа дейін өсті.
"Мұнай мен мұнай өнімдері экспорттың елеулі үлесін әлі де сақтап отыр. Алайда металдар, кендер және басқа да тауар топтарының жеткізілімі де қатар өсуде", — деп хабарлады министрлік.
Сонымен қатар жарты жылда импорт 5,4%-ға өсіп, $31,5 млрд болды. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,2%-ға артып, $71,8 млрд-қа жетті. Ал сыртқы сауданың оң сальдосы шамамен $8,9 млрд болды.