Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

23.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Фото: istockphoto.com

Reuters агенттігі ақпаратына сүйенсек, 22 шілдеде елдегі мұнай және газ конденсатын тәуліктік өндіру көлемі 215,6 мың тоннаға (тәулігіне шамамен 1,63 млн баррель) дейін азайған. Ал ай басынан бергі орташа көрсеткіш 274 мың тоннаны (2,07 млн баррель) құраған.

Қазақстан мұнай экспортын уақытша тоқтатуы мүмкін

Сондай-ақ еліміздегі ең ірі Теңіз кен орнында өндіріс көлемі айтарлықтай қысқарған. Дереккөздің мәліметінше, тәуліктік өндіріс 925 мың баррельден 406 мың баррельге дейін төмендеген.

Еске сала кетейік, 21 шілдеде Каспий құбыр консорциумы ұшқышсыз ұшу аппараттарының танкерлерге жасаған шабуылдарынан кейін Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын.

Министр: Қазақстан үшін КТК-ға балама бағыт жоқ

Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80 пайыздан астамы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданады. Бұл бағытпен негізінен Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының мұнайы жөнелтіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью