7kun.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдерінің трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселесіне арналған кездесуіне қатысты.
Жиында 2026 жылдың маусым–тамыз айларында Бахри-Точик су қоймасының жұмыс режимі қаралды.
Кездесуге:
– Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джума;
– Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев;
– Өзбекстанның энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов қатысты.
Тараптар алдағы вегетациялық кезеңде Достық каналы арқылы су беру мәселесін талқылады.
Аталған су ресурстары Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы диқандардың қажеттілігіне бағытталмақ.
Кездесу қорытындысында қатысушылар су қоймасының жұмыс режиміне қатысты консультацияларды жалғастыруға келісті.
Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, бірлескен жұмыс трансшекаралық су ресурстарын әділ бөлуге мүмкіндік беріп отыр.
«Қазақстан Сырдария өзені бассейніндегі тұрақты су шаруашылығы жағдайын қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын», – деді министр.