Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. "Қазақстан темрі жолы" компаниясы локомотив паркін ауқымды жаңартуды жалғастырып жатыр.
2026 жылдың қыркүйегінде ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықтырылды.
Астана депосына KZ8A сериялы 3 электровоз және CRRC шығарған 5 маневрлік тепловоз жеткізілді.
"Есіл депосына "Локомотив құрастыру зауыты" (ЛҚЗ) отандық кәсіпорнында жиналған 6 магистральдық тепловоз жөнелтілді. Бурабай курорты депосына 3 CRRC маневрлік тепловозы, ал Қарағанды депосына тағы 1 CRRC маневрлік тепловозы келіп түсті", - деп жазылған хабарламада.
Компанияда хабарлағандай, заманауи тарту техникасының келуі локомотив паркінің сенімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік туғызып, тасымалдау процесінің тұрақтылығына кепілдік береді және локомотив бригадаларының еңбек жағдайларын едәуір жақсартады.
Жыл басынан бері ҚТЖ Wabtec, CRRC және Alstom өндірушілерінен барлығы 187 локомотив алды.