Қазақстан төлдейтін ірі қара және ұсақ малды экспорттауға тыйым салады

13.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі "Ашық НҚА" порталында жаңа бұйрық жариялады.

Құжатқа сәйкес, республикадан төлдейтін ірі қара және ұсақ малды әкетуге тыйым салынады. Шектеу мерзімі – алты ай.

"Мақсат – малдың жаппай экспортталуын болдырмау және отандық өңдеу кәсіпорындарының жұмысын толық қамтамасыз ету", - деп жазылған бұйрықта.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылданатын жобаның әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағынан теріс салдары болмайтынын атап өтті. Бұйрық 17 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью