Қазақстан төрт өзбек банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

20.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Ташкентте Қазақстанның Даму Банкі мен Экспорттық-кредиттік агенттік Өзбекстанның төрт банкі — Tenge Bank, "Узпромстройбанк"" АКБ, OrientFinans Bank және "Капиталбанк" АКБ-мен ынтымақтастық жөніндегі келісімдер жасасты, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

© Photo : Банк развития КазахстанаҚазақстан төрт өзбек банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан төрт өзбек банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

© Photo : Банк развития Казахстана

Тараптар сауда-экономикалық байланысты нығайтып, банкаралық қарыздар, аккредитивтер, кепілдіктер және экспорттық операцияларды сақтандыру тетіктері арқылы қазақстандық өнім экспортын қолдауға уағдаласты.

"Бұл келісімдер бірлескен инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды ілгерілетуге, тәуекелдерді азайтуға және өзбекстандық серіктестер үшін қаржыландыру шарттарын неғұрлым қолжетімді етуге бағытталған", - деп жазылған хабарламада.

Кездесулер барысында BI Group пен RG Brands компанияларының өңірлік өкілдіктерімен жеткізу тізбегін оңтайландыру және нарықтағы қатысуды кеңейтуге қатысты нақты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ өндірістік мүмкіндіктер мен ҚДБ мен ЭКА қатысуы ықтимал жобалар таныстырылды.

© Photo : Банк развития КазахстанаҚазақстан төрт өзбек банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан төрт өзбек банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

© Photo : Банк развития Казахстана

Бұл әріптестік қазақстандық компанияларға Өзбекстандағы жобаларын қолжетімді қаржыға сүйене отырып, сенімді түрде кеңейтуге жол ашады.

Сонымен қатар ҚДБ мен ЭКА арқылы жобаларды қаржыландыру шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайтып қана қоймай, Өзбекстандағы түпкі тұтынушылар үшін қарыз қаражатының құнын төмендетуге мүмкіндік беретіні айтылды. Бұл өз кезегінде Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші қаржы хабы ретіндегі орнын нығайта түседі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью