Қазақстан Түркияның медициналық деректерді басқару саласындағы тәжірибесін қолдануға мүдделі

15.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

— Денсаулық сақтау саласындағы қазақ-түрік қатынастарына ерекше мән береміз. Біз қазақстандық медицина қызметкерлері үшін мамандандырылған оқытуды ұйымдастыру бойынша түрік тарапының қолдауын жоғары бағалаймыз. Атап айтқанда, апаттар медицинасы, шұғыл және жедел медициналық көмек салаларында 40-тан астам қазақстандық маманды оқыту жоспарымыз бар. Екі елдің медициналық университеттері арасында академиялық алмасу бағдарламаларын кеңейту, сондай-ақ қазақстандық дәрігерлердің Түркияның жетекші клиникаларында тағылымдамадан өтуін дамыту біз үшін маңызды, — деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық ынтымақтастық оң серпін көрсетіп отыр.

— Қазіргі таңда ауруханалар құрылысы, онкологиялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ университеттік клиникалар мен фармацевтикалық өндірісті дамыту жобалары іске асырылып жатыр. Әлемдегі үздік жүйелердің бірі саналатын э-Набыз ақпараттық платформамен таныстық. Аталған жоба шынымен қызығушылығымызды тудырды. Біз Түркия Республикасының медициналық деректерді басқару саласындағы тәжірибесін зерделеуге және оны іс жүзінде қолдануға мүдделіміз, — деді Премьер-министр.

Айта кетейік, Қазақстан түрік инвесторларына бірлескен жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынуға дайын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью