Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: Қорғаныс министрлігі
Экспедиция барысында еліміздің әскери қызметшілері шың басында еліміздің Мемлекеттік Туы мен Арнайы операциялар күштерінің туын салтанатты түрде көтерді.
«Экспедиция әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен рух күшін айқын көрсетті. Солтүстік Американың ең биік шыңын бағындыру олардың тамаша дене психологиялық дайындығымен қатар, отансүйгіштік, ерлік пен табандылық қасиеттерін паш етті», делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, Денали – Солтүстік Америкадағы ең биік тау шыңы. Оның биіктігі 6190 метрді құрайды. Шың АҚШ-тың Аляска штатында орналасқан Денали ұлттық паркі мен қорығының аумағына кіреді. Атабаска үндістерінің тілінде «Денали» сөзі «Ұлы» деген мағынаны білдіреді.
Еліміздің альпинистері әлемдегі ең биік шыңдарды бағындырып, ел абыройын асқақтатып келеді. Еске сала кетейік, бұған дейін қазақ альпинистері алғаш рет Альпідегі Эйгер шыңына шыққан еді.