Қазақстан U18 құрамасы хоккейден әлем чемпионатына дайындығын бастады

04.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Отандастарымыз 2 сәуірде елордадағы «Барыс Аренада» алдағы әлем чемпионатына дайындығын бастады. Енді олар 11 сәуірде Польшаға жол тартады. Онда 15 сәуірге дейін оқу-жаттығу жиынын жалғастырады. Сол күні Словениямен жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстандық хоккейшілер Швейцария, Украина, Словения, Венгрия және Польшамен топ-дивизионға берілетін жолдаманы сарапқа салады. 

Ойындар күнтізбесі 

18 сәуір. 15:30. Венгрия - Қазақстан

19 сәуір. 22:30. Қазақстан - Польша

21 сәуір. 19:00. Украина - Қазақстан

23 сәуір. 15:30. Қазақстан - Швейцария

24 сәуір. 15:30. Қазақстан - Словения.

Бірінші оқу-жаттығу жиынына барлығы 46 хоккейші шақырылды. Олардың 26-ы Польшаға аттанады. Нақты тізімге 23 хоккейші, 20 ойыншы және үш қақпашы кіреді.

Бірінші оқу-жаттығу жиынына барлығы 46 хоккейші шақырылды. Олардың 26-ы Польшаға аттанады. Нақты тізімге 23 хоккейші, 20 ойыншы және үш қақпашы кіреді.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Айнарбек Есен (МХК «Астана»), Давид Зиновьев, («Торпедо», Өскемен), Никита Кулаков, (Atlantic Coast Academy U18), Кирилл Мыльников, Арсений Кучковский (екеуі - «Барыс»), Рахымбек Рахымжан («Jersey Hitmen U18», AAA);

Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы («Барыс», Астана), Ильхан Болатов, Арман Төлен, Спартак Чукреев («Atlantic Coast Academy U18»), Артём Гасников («Торпедо», Өскемен), Святослав Евплов («Спартак-МАХ», Ресей, МХЛ, ), Назар Елемесов («Florida Alliance U16», AAA), Ардәулет Ержанұлы, Кирилл Задорожный, Дэнир Утеев, Вадим Фирса (барлығы - «Барыс» U18, Астана), Матвей Решетько, Расул Турсынов (екеуі - «Снежные Барсы», МХЛ), Кирилл Серебряков («Team Illinois U18», AAA), Владимир Ткачев («Жас Батыр», Атырау), Дархан Хафаров («Connecticut Jr. Rangers» U16, AAA);

Шабуылшылар: Әділжан Әміржанов, Рауан Қайыржан («Барыс» U18, Астана), Владислав Ануфриев, Данил Челюк («Торпедо», Өскемен), Әнуар Ахметжанов, Ерлан Ахмутинов, Нарұлан Байкен, Сонмин Цой («Atlantic Coast Academy U18»), Инсаржан Бахытұлы, Никита Гридасов («Boston Hockey Academy U18», AAA), Батухан Бекішев («South Kent School U18»), Таир Бигаринов («Барыс», Астана), Илья Громов, Егор Ким («Omaha Lancers», USHL), Ілияс Дәулетбек, Жандос Нұрбеков, Адам Стариненко («Кармет», Теміртау), Матвей Желтоножко, Дінислам Төлеген (Академия «Авангард», Омбы), Богдан Залевский («Арлан», Көкшетау), Михаил Коленко («Ладья», Тольятти, МХЛ), Егор Кравченко, Жахангер Тілеухан («Снежные Барсы», МХЛ, Астана), Рафаэль Рамазанов («Saskatoon Blazers U18», AAA).

Әлем чемпионаты 18-24 сәуір аралығында Польшаның Криница қаласында өткізіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью