24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ел Үкіметі Тикток желісінің мүмкіндіктерін енді кеңінен қолданады.
Мемлекет миллиондаған аудиторияға аталмыш әлеуметтік желі арқылы елдегі білім, ғылым, туризм салаларын насихаттайды. Осылайша Қазақстанды барша әлемге әйгілеп, мыңдаған саяхатшыларды тарту көзделген. Қазақстан Үкіметі қазан айынан бері бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Жалпы бұған дейін де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тикток желісінің бас директоры Шоу Цзы Чумен келіссөз жүргізген еді. Мамандардың айтуынша, әсіресе бизнесті өркендетуге аталған желінің пайдасы зор. Бұған тіпті жүргізілген зерттеулер дәлел.